Атбасар қаласында өзен төгілді

212

Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. 

Атбасар қаласында өзен төгілді Фото: ҚР ТЖМ

11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзенінің төгілуі орын алды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды.

11 сәуірде түнде Боқсық өзеніне еріген судың көп түсуіне байланысты Бұланды ауданы Журавлевка ауылында өзеннің төгілуі орын алды. Ақмола облысы ТЖД, ЖАО және аудандық полиция бөлімінің күштерімен 9 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала және 4 мүмкіндігі шектеулі адам. Өзеннің төгілуіне байланысты 3 үй су астында қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу