Атбасар стансасынан шыққан астық тиеген пойыз Бейжіңге екі-ақ күнде жетеді

1109

Атбасар стансасынан шыққан астық тиеген пойыз Бейжіңге екі-ақ күнде жетеді

Ақмола темір жолының Атбасар стансасынан астық тиеген пойыз Бейжіңге тікелей аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 53 жабық вагонынан тұратын салмағы 4,5 мың тонналық жылжымалы құрам белгілі бекетке дейін жолаушылар тасымалы секілді сұрыптау стансаларына соқпай, арнайы бекітілген кестемен жүреді. 
"Пойыз жолда бір жарым тәулік жүреді. 36 сағаттан соң Достық стансасына тоқтайды. Пойыз басқа жүк пойыздарына қарағанда төрт есе жылдамдықпен тәулігіне 800 шақырымды алады",- дейді Атбасар стансасының бастығы Серік Қайниденов. 

ҚХР кеден қызметі карантиндік талабы бойынша астық қапталуға тиіс. Жеткізу мерзімі шамамен төрт есеге қысқарады. Ол арқылы вагон және жүк айналымы артып, жүк тасымалының сапасы көтеріледі. Жүктің сақталуына кепілдік беріледі.

Жүк жөнелтушілердің атап өткеніндей, аталмыш қызмет түрінің басымдығы жоғары. "Беркат-Экспорт" ЖШС осы қызмет түрін пайдаланып, Бейжіңге 20 вагон астық жіберді. Бұл компанияның құрылтайшысы Ахмет Огаев аталмыш бағдардың ең тиімді тұсы пойыз бағдарының жедел ұйымдастырылуы екендігін атап өтті. 
"Бұрын Қытайға пойыздар біздің жүктерімізді бір аптада жеткізетін. Қазір енді бұған екі ақ күн кетеді. Біз енді аптасына екі рет астық жөнелтеміз. Оның сыртында пойыздың қайда бара жатқанын онлайн режимде бақылай аламыз. Бұл біз секілді жүк жіберушілер ғана емес, теміржолшылардың өздеріне де өте ыңғайлы және табысты жоба болып табылады", - дейді Ахмет Огаев. 
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ жүйелі оператор ретінде негізгі қызметі  ауыл шаруашылығы өнімін кідіріссіз тасымалдау болып табылады. Осыған байланысты ҚХР теміржолшыларымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей бағдар осы. Биылғы жыл басынан бері Ұлттық оператор 7 миллион тонна астықты тұтынушыларға жеткізді. Оның ішінде 4,6 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Қытайға 320 мың тонна бидай жіберілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу