Атбасар тұрғындары су басу қаупі жоғары аймақтардан көшірілуі мүмкін

830

Атбасар тұрғындары су басу қаупі жоғары аймақтардан көшірілуі мүмкін

Атбасарда су басуы мүмкін жердің тұрғындарына қаланың басқа аумағынан баспана ұсыну жоспарланып отыр. Бұл туралы сенатта су қауіпсіздігі тақырыбына арналған кездесуде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз тиісті зерттеулерді жүргізіп, су басу қаупі бар аумақтың қауіпсіздік паспорттарын құрдық. Осы орайда бұл аумақта 1830 тұрғынымен 528 үй қалып отыр. Бұл аумақтағы жағдай қандай? Бірінші кезекте осындағы ауруға шалдығу деңгейіне зерделедік. 85 адам туберкулез бойынша есепте тұр, 63 адам демікпеге шалдыққан. Осы аумақта тұрып балалардың көбісі демікпеден зардап шегеді. Тұрғындармен кездесу барысында денсаулық жағдайлары мен мүліктің зақымдануына қатысты мәселе жиі көтеріледі",- деді Крылов.

Оның сөзіне қарағанда, тұрғындар мен қоғам тарапынан бұл жағдайды шешуде бөгет құрылысынан бөлек, баламалы ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс әкімдікпен бірге қарастырылған.

"Осы орайда су басуы мүмкін жерден тұрғындарды қаланың басқа аумағына көшіру ескеріліп отыр. Сонымен қатар Жабай өзенінің жағасын нығайту шаралары да қамтылмақ. Бұл ұсыныс негізінен қоғамдастық тарапынан қолдауға ие болды", - деп түсіндірді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, бірінші ұсыныс бойынша бөгет құрылысы мен өзен арнасын тереңдету жұмыстарына 12 млрд теңге сомасында қаржы қажет болады. Ал екінші ұсыныс аясында үйлердің (45 пәтерлік 12 үй мен инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту) құрылысы 5 млрд теңгені құрайтын болады. Бұған қоса, өзен арнасын тереңдетуге 2 млрд теңгеге тарта қаржы жұмсалмақ. Бұл тұрғыда 5 млрд теңге үнемделеді.

Белгілі болғандай, аталған 528 жеке үйдің иелері арасында сауалнама жүргізілген. Олардың арасында 75 пайызы көшуге дайын екенін айтқан, ал 25 пайызы мемлекеттік органдардың тиісті шешімін күтіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу