Атбасар түрмесінде әжетхана тазалаудан бас тартқан сотталушы соққыға жығылды

503

Ер адам дәретханаларды тазалаудан бас тартқан.

Атбасар түрмесінде әжетхана тазалаудан бас тартқан сотталушы соққыға жығылды Фото: видео скриншот

Ақмола облысындағы Атбасар қаласының түзеу колониясында жазасын өтеушінің бағынбауына байланысты қызметкерлердің арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

"Колония қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдалану белгілері бар. Шешім қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қабылданады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Вадим Курамшин әлеуметтік желіде түрме қызметкерлерінің бірі түсірген видеоны жариялаған болатын.

Видеода сотталушы әжетхана тазалаудан бас тартқан. Алайда колония қызметкерлері ер адамды көндіруге тырысып, артынан оны еденге құлатып, таяқпен ұра бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу