Атбасарда алты 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

879

Жалпы Ақмола өңірінде өткен жылы 478 мың шаршы метр тұрғын үй ұсынылған.

Атбасарда алты 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Өткен жылы Ақмола облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша арендалық және несиелік үйлерді салуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 8,4 млрд тг бөлініп, аталған қаражатқа салынған 478 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Жалпы, облыста 4,5 мыңнан астам отбасы тұрмыс жағдайын жақсартты.

Сонымен қатар, 2017–2018 жылдарға арналған ҚР үкіметінің қоры есебінен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты бірінші кезекті жұмыстарды орындау үшін Атбасар қаласында 10 үй салуға 3,2 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. 2018 жылдың шілде айында алты 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Ақмола облысында "7–20–25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіруді жүзеге асыру аясында 141,1 млн теңгеге 18 өтініш бойынша несие берілді.

Бұған қоса, орталықтандырылған жылумен жабдықтаумен қамтылған халықтың қолжетімділігін арттыру мақсатында 2 жылу энергетикасы инфрақұрылымы жобалары енгізілді – Степногорск қаласының Шаңтөбе ауылында және Есіл қаласында қазандықтар пайдалануға берілді. Су тарту саласында 2 нысан пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу