Атбасарда бала ойнап жүріп ауруханаға түсті

372

Ақмола облысының Атбасар қаласында қатты жел тұрып, ойнап жүрген бала футбол алаңының жасанды төсенішіне бастырылып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атбасарда бала ойнап жүріп ауруханаға түсті Фото: Kazinform

Аудан әкімдігі қатты жел кесірінен шағын аудандағы футбол алаңының жасанлы төсенішін жел қопарғанын мәлім етті. 

"Алаңда 17.11.2013 жылы туған бала ойнап жүрген. Жасанды төсенішті бір бөлігі оны басып қалған. Оны бірден аудандық аурухана жеткізді. Денесінде жарақаттар бар, жағдайы тұрақты. Травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр", деп мәлім етті.

Сонымен қатар әкімдік өкілдері аяқтың астында жату керек төсеніш неге желге ұшып жүргенін түсіндірді. 

"Әуел баста жоспарымыз бойынша ол жерде қарапайым ойын алаңы түсу керек болған. Жаңа мердігер алаңды жақсылап жабдықтап, толықтай жасанды төсеніш салып шыққан. Бәлкім ойыннан жабынның шеті мүжілген шығар, соның салдарынан жел көтеріп кетсе керек. Құрылыс бөлімі ойын алаңын қалпына келтіреді", деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу