Атбасарда бөгет салушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

850

Атбасарда бөгет салушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атбасардағы бөгет салушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Соған сәйкес, тиісті мамандар тексеріс жұмыстарын бастап кетті. Онда бірінші кезектек, құрылыстың сапасы мене оны қабылдап алу барысы жіті қаралатын болады. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген  Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның сөзінше, өткен жылы қараша айында тұрғызылған 15 шақырымдық бөгетке жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінген. Еске сала кетсек,  кеше кешкісін судың күрт көтерілуінен Атбасар маңындағы бөгетті шайып кеткен болатын. Салдарынан 200-ге жуық үйді су басып, 500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Юрий Ильин  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Бүгінгі жиында Ішкі істер министрі бөгетке қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде тапсырды. Нәтижесі толығымен іс қаралып біткен соң жарияланатын болады. Жалпы Жабай өзені бойынша  судың деңгейі 5,6 метрге дейін жетіп отыр. Атбасардағы бөгет мұндай мөлшердегі суға арналып салынбаған. Айта кетейін, биыл Үкімет елдегі, сонымен қатар, жекеменшікке тиесілі 26 бөгетті тексеруге тапсырма беріп отыр.

Автор: Арай Сүгірбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу