Атбасарда кәсіпкерлер қоқыс үшін заңсыз төлемдер жүргізген

407

Прокурорлар 1777 кәсіпкердің (1246 жеке кәсіпкер және 531 заңды тұлға) құқықтарын қорғады

Атбасарда кәсіпкерлер қоқыс үшін заңсыз төлемдер жүргізген Фото: baq.kz

Атбасар ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерді тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін заңсыз төлемдерден босатты, деп хабарлайды  Inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен 2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап Атбасар ауданында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тариф күшіне енді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сол күні аудандық "Простор-Atbasar" газетінде қызмет көрсетуші "МЖД Атбасар сервис коммунальные услуги" ЖШС-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған жария шарты жарияланды.

"Аудан прокуратурасының анықтауынша, жоғарыда айтылған Серіктестік кәсіпкерлерді ҚТҚ жинау және шығару бойынша қызмет ақысын төлеуге заңсыз міндеттеген.

Сонымен қатар, Экологиялық кодекстің 367-бабына сәйкес, қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлермен және қызметін тұрғын үйлерде немесе жеке ғимараттарда жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Нәтижесінде Серіктестік жария шарттың талаптарына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлермен жеке келісім-шарт жасамай олардан негізсіз сомаларды өндіріп алған", - делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Атбасар ауданының әкімдігі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (эксаумақтық соттылық бойынша) кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын жария шарттың жекелеген тармақтарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді, талап арыз толықтай қанағаттандырылды.

Апелляциялық сатыда жоғарыда аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Осылайша, прокурорлар 1777 кәсіпкердің (1246 жеке кәсіпкер және 531 заңды тұлға) құқықтарын қорғады, олар жария Шарттың міндеттемелерінен босатылып, өздері үшін тиімді шарттар бойынша жеке шарттар жасай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу