Атбасарда xалықты қауіпсіз жерге көшіру бағдарламасы іске асып жатыр

878

Осы уақытқа дейін 400-ден астам үйдің иесі жаңа пәтерге көшті. Бағдарлама аясында 11 көпқабатты үй салынды. 

Атбасарда xалықты қауіпсіз жерге көшіру бағдарламасы іске асып жатыр Фото: informburo.kz

ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин су басу қаупі бар аймақтарды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Енді, дәл қазір Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Ақмола облыстары ерекше бақылауға алынды. Мәселен, Ақмола облысында Атбасарды бәріміз жақсы білеміз. Біз ол жақта қосымша оқу-жаттығуларды өткіздік. Ал әкімдік жергілікті және республикалық бюджеттің есебінен xалықты қауіпсіз жерге көшіру бағдарламасын іске асырып жатыр. Мәселен, осы уақытқа дейін 400-ден астам үйдің иесі жаңа пәтерге көшті. Бағдарлама аясында 11 көпқабатты үй салынды. Осы саладағы жұмыстар биыл да, келесі жылы да жалғасады. Меніңше, келесі жылы Атбасардың мәселесі толығымен шешіледі", – дейді Юрий Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Айта кетейік, бүгін "Қазгидромет" РМҚ-сы да су тасқынына қатысты болжамды жариялады. Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыста су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170 процентке артық болып тұр. 

"Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр", – дейді Марат Кынатов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу