Атбасарды су басу қаупі бар

1425

Төтенше жағдайлар құрылымдары дайын отыр.

Атбасарды су басу қаупі бар

Атбасар қаласына тағы су басу қаупі төнді. Өйткені елдімекенге жақын жердегі Жабай өзенінің деңгейі күрт көтерілген. Бір тәуліктің ішінде ондағы су деңгейі 70 сантиметрге дейін жоғарлаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір өзен бойындағы автокөлік көпірінің маңайында судың деңгейі 3 метр 45 сантиметрді құрап отыр. Апатты жағдайды алдын алу үшін индустриалды-техникалық колледжі мен мектеп аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. 

"Шамамен, әлі бір метрдей бар. Негізі, қазірдің өзінде өзеннің деңгейі шекті мөлшерден 6 сантиметрге асып кетті. Бірақ инертті материалдар бар, қаптар бар. Соның бәрін қойып шыққаннан кейін әлі де бір метрге дейінгі суды ұстай аламыз. Біз қолдан бөгетті жасап қойдық. Әзірше, сол дамба ұстап тұр. Төтенше жағдайлар құрылымдары дайын отыр", – дейді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу