Елімізде медбикелер мен қарттар үйіндегі күтушілердің жалақысы екі есеге дейін көтерілуі мүмкін. Сенаторлар үкіметтен аталған қызметкерлердің еңбекақысына қазынадан қосымша 10 миллиард теңге бөлуді ұсынды, деп хабарлайды ktk.kz.
Медбике, қарттар мен мүгедектерді күтуші қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін түбегейлі өзгерту керек дейді сенаторлар. Мұндай мамандардың білімі немесе дәрежесіне емес, атқаратын жұмысының ауыртпалығына қарап жалақы белгілеу ұсынылды. Өйткені, медициналық мекмелердегі ауыр жұмысты қыз-келіншектер атқаруда. Табысы тым аз болғандықтан, олар қызметте көп тұрақтамайды.
"Еліміздегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі ең ауыр және лас жұмыстарды осы қызметшілер атқарады. Өкінішке орай, осы салада күндіз-түні жұмыс істеп жүрген мамандардың, санитарлардың, тәрбиешлердің, медбикелелрдің техникалық жұмыскерлердің жалақасы өте төмен. Медбикелерге 49 мың 300 теңге айлық төленеді. Санитарлардікі 45-43 мың теңге ғана", - дейді сенат депутаты Әли Бектаев.
Еліміздегі 200 мыңнан астам қызметкерге қосымша 10 миллиард теңге керек. Бұл қаржы үкімет үшін қомақты емес дейді сенатор.