Атқарушы органдарға 100-200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

1359

Заң жобасына қатаң талап енгізілді. 

Атқарушы органдарға 100-200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін Фото: parlam.kz

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

"Қаралып отырған заң жобасының тұжырымдамасы биыл 26 наурызда мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. Жұмыс барысында депутаттар заң жобасына бірқатар түзету енгізді", – деді халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман. 

Заң жобасына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары орналасқан жер учаскелерін және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегінде оларға іргелес жатқан аумақтарды қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерге жатқызу, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын орналастыруға және олардың қызметі үшін берілген жер учаскелерін, сондай-ақ белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегінде оларға іргелес жатқан аумақтарды жеке және заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануына беруге тыйым салу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың өздеріне заңнамамен жүктелген талаптарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл мөлшерін 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталап бұзған кезде 40-тан 200-ге дейін ұлғайту туралы өзгеріс енгізілді. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу