"Әткеншекке таласқан": Астанада әйелдер балалар алаңында төбелесті

437

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

"Әткеншекке таласқан": Астанада әйелдер балалар алаңында төбелесті Фото: Астана қаласы ПД/Видеодан скриншот

Астана қаласының полициясы балалар алаңында төбелескен екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде елордадағы балалар алаңында болған жанжалдың видеосы тарады. Бейнежазбадан екі әйелдің төбелескенін анық байқауға болады.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Белгілі болғандай, балалар алаңындағы жанжал мен дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Барлық оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Жанжалға балалардың кезекпен  әткеншек тебу тәртібін бұзуы салдарынан туындаған дау себеп болған. Алайда ата-аналар мәселені сабырмен шешудің орнына агрессияға бой алдырып, балалардың көзінше бір-біріне дене жарақатын салған. Ата-аналардың мұндай әрекетін ақтауға келмейді. Ересектер өз іс-әрекеттері үшін жауап беретінін түсінуі тиіс. Әсіресе, олардың жанында балалар болған кезде бұл талаптың маңызы арта түседі", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Оқиғаға қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Мұндай әрекет үшін заңнамада 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Полиция тұрмыстық жанжал кезінде күш қолдануға жол берілмейтінін ескертеді. Қол жұмсауға ұласқан кез келген агрессияға принципті түрде құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады қалалық полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу