Әткеншектен құлаған балалардың жағдайы белгілі болды

852

Орал қаласында әткеншектен құлаған балалардың миы шайқалып, денелері жарақаттанған, деп хабарлайды  Аtameken Business.

Әткеншектен құлаған балалардың жағдайы белгілі болды

 Қазір 5-10 жас аралығындағы 8 бүлдіршін амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Оқиға осыдан екі күн бұрын болған. Балалар отырған әткеншек кенеттен тоқтап, орындықтар бір-біріне және әткеншектің орталық тірегіне соғылған. Сол маңда жүрген ата-аналар бірден балаларына көмекке келген. Оқиғаны жергілікті полиция департаменті тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу