Атқылаудан кейін Украинадағы АЭС-тің бір энергоблогы тоқтатылды

750

Украинадағы Запорожье АЭС-інің үш энергия блогының бірі атқылауға ұшырағаннан кейін авариялық қорғаныс іске қосылды, яғни жұмысы тоқтатылды.

Атқылаудан кейін Украинадағы АЭС-тің бір энергоблогы тоқтатылды

Азот-оттегі станциясы мен көмекші корпус қатты зақымдалғаны анықталды. Компания бұл оқиғаны "Ресейдің ядролық терроризмі" деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, Запорожье АЭС-і Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы болып табылады. Ол Ресей әскерлері басып алған аймақта орналасқан.

Запорожье атом электр станциясын 5 тамызда атқылаған. Бұған Украина мен Ресей бір-бірін кінәлайды және оның салдары радиацияның шығуына әкелуі мүмкін екенін жасырмайды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу