Атом электр станциясының құрылысы LRT-ның кебін кимей ме?

188

Құзырлы мемлекеттік орган жемқорлық тәуекелдерін жоққа шығарды.  

Атом электр станциясының құрылысы LRT-ның кебін кимей ме? Фото: Росатом

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты сұраұтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер ведомство басшысынан жемқорлық тәуекелдері бөлігінде АЭС құрылысының қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетінін сұрады. 

Сәтқалиевтің сөзінше, кез келген ядролық нысан салу, жобалау және пайдалану кезінде халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты бақылауында болады. 

Тілшілер "АЭС-тың қаражаты ұрланып, ең соңында күмәнді жоба пайда болмай ма?" деп нақтылады.

"Мен атом станциясы үшін бақылаудың көп деңгейлі тетігі құқыққа қайшы әрекеттердің барлық тәуекелін айтарлықтай азайтады деп сенемін. Яғни, министр ретінде соған жағдай жасап, қоғамның алдында тұрақты есеп беретін боламын, оның ішінде журналистік қоғам алдында қабылданып жатқан шешімдер де бар", - деді Энергетика министрі.

Айта кету керек, осыған дейін АЭС бойынша референдум туралы Үкімет қаулысының жобасы қабылданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу