"АТОМ" жобасы 29 тамызда бір минут үнсіздікке шақырады

1681

"АТОМ" жобасының Құрметті елшісі Қаріпбек Күйіков әлемдегі барша адамды бір минут үнсіздік сақтауға шақырады.

"АТОМ" жобасы 29 тамызда бір минут үнсіздікке шақырады

"Әлемдегі барлық адамдарды жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 11.05-те бір минут үнсіздік сақтауға шақырамыз. Осы уақытты таңдауымыздың себебі дәл сол мезгілде сағат тілдері латын V әрібін көрсетіп, Жеңіс белгісін (латыншадан "Victory") меңзейді. Ол ақыл-ойдың қорқыныштың алдындағы жеңісінің және барлық әлемнің ядролық қарусыздану саласына қосқан күш-жігерінінің жемісінің белгісі болатынына сенім артамыз", – дейді жобасының Құрметті елшісі.

Еске сала кетсек, 2012 жылдың тамызында Астанада өткен Халықаралық парламенттік конференцияда Елбасы "АТОМ" халықаралық жобасын жариялаған еді. Жоба ядролық қаруға сынақ жүргiзуге толық тыйым салу мен оны жоюға жаһандық қоғамдық қолдауға қол жеткiзу мақсатындағы бастама болды.

"Жаһандық қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл іс-қимылдарға итермелеу үшін біздің ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын тағы да әлемнің есіне салуға мүмкіндігіміз бар", – деген еді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазiр Қазақстан өз аумағында ядролық нысандары бола тұра, одан бас тартқан ең қауiпсiз аймақ болып саналады.

"29 тамыздағы Халықаралық үнсіздік минуты әлемді бір қадам болса да мұратына жақындата түсетініне сенемін",­– дейді ядролық сынақтардан зардап шеккен Күйіков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу