Әншінің айтуынша, күнде кешке белгісіз біреулер Төлебаев көшесінің бойымен айқайлап, атпен шауып өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Танымал әншінің терезеден түсіріп алған видеосы жергілікті әкімдік пен полицияның назарын аудармай қоймады.
– Бұл – Алматының ең мәдени, тұнып тұрған тарихи, ең "зиялы", ең орталық көшесі. Қонаевтың музей-мұражайы да бар Төлебаев көшесінің бойымен күнде түнде біреулер айқайлап, шауып өтеді. Және сенесіздер ме, бұл – бүгін ғана емес, күн сайын түнде болатын дүние, – деп ашынады әнші.
Жазбаға Алматы әкімдігі мен қалалық полиция департаментінің ресми аккаунттары белгіленген. Әлеуметтік желі қолданушылары да мұндай сұмдықтың алдын алу керегін жарыса жазған. Видео тез тарап, полиция тәртіп бұзғандарды дереу тапты.
– Біз бұндай фактілерді назардан тыс қалдырмаймыз. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермейміз. Видеодағы жігіттердің жеке тұлғалары анықталып, жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады полиция департаменті өз кезегінде.