"Атслаха 18" микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

464

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. 

"Атслаха 18" микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды Фото: Zhas Project

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 15.12.2022 жылғы № 105 бұйрығына сәйкес "МФО "Атслаха 18" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Микроқаржылық қызмет туралы" ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметті ҚР заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру лицензиядан айыру үшін негіздеме болды. МҚҰ қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде анық емес есептілікті ұсыну, микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысаны мазмұнының заңнама талаптарына сәйкес келмеуі, қаржы реттеушісі сұраған ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту түрінде көрінген бұзушылықтарға жол берген", делінген хабарламада.

"Микроқаржылық қызмет туралы" заң талаптарына сәйкес  аталған ұйым Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

"Ал, микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар ұйымның клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Микроқаржылық ұйым алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік арқалайды" делінген Агенттік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу