Әттеген-ай. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словенияға есе жіберді

824

Бірақ әлі де мүмкіндік бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әттеген-ай. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словенияға есе жіберді Фото: meta-ratings.kz

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына енді Ұлттар Лигасы арқылы шығуға болады. Ол үшін Грекияны ұту керек. 

Ойынға тоқталар болсақ, Қазақстан құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов кездесуге қатыса алмады.

Алғаш болып есепті Словения ашса, Рамазан Оразов қайта теңестірді. Ойынның нүктесін 86-минутта словениялық Беньямин Вербич қойды. 

Ұлттық құрама қауіпті сәттер туындатқанымен голға айналмады. 

Осылайша, Қазақстан қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу