"Әттеген-ай": Ләйлә Сұлтанқызы үлкен өкінішін жеткізді

538

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әттеген-ай": Ләйлә Сұлтанқызы үлкен өкінішін жеткізді Фото: halyq-uni.kz

"Менің үлкен өкінішім… Шүкір, 25 жасымда бірініш рет шетелге шықтым (біреу үшін ерте, біреу үшін кеш болар). Шүкір, әке-шешем оқытты, тоқытты. Шүкір, 30-ға таяған шағымда тұрмысқа шығып, қазір 2 ұлдың анасымын. Тірі жүріп, құдай ғұмыр берсе, жүрек қағысы дұрыс болса, әлі талай дүниені көріп, бастан өткізермін. Алға қойған мақсат/армандарымыз тағы бар дегендей… Өкінішім, қытай тілін әрі қарай дамытып оқымағаныма, қазір миыма кірмейді (сылтау да болар бәлкім). Өкінішім, жас кезде көбірек оқуым керек еді. Білімге аямай инвестиция жасағанымда ғой… Әттеген-ай… Қазір уақытым мен мүмкіндігім, ресурсым да аздау сияқты. Отбасының, балалардың қамы бірінші орында. Мен сияқты өкінбес үшін, сіңілдеріме оқыңдар десем, әпкелеріме баланың біліміне бар күшіңді жұмса дер едім. Білімге салған инвестиция еселеніп қайтады…", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу