Аттестаттар мен дипломдар цифрлық форматта беріледі - министр

631

Әр педагогтің цифрлық портфолиосы және оқушылардың цифрлық профилі енгізіледі. 

Аттестаттар мен дипломдар цифрлық форматта беріледі - министр Фото: TAdviser

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында білім саласындағы қызметтерді цифрландыру мәселесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, балабақшаларға кезек цифрлы форматқа көшірілгенімен, бірқатар мәселелер де жоқ емес. Мысалы, кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады. Бірақ бірізділік жоқ дейді министр.

"Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әр педагогтің цифрлық портфолиосы енгізіледі, сәйкесінше оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы, жетістіктері және барлық ақпараты сол жүйеге жүктеліп электронды форматта өтеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бөлек мектептердегі оқулықтарды таңдау және мониторингілеу цифрлы форматқа көшірілмек.

"Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, біз сөзбен айтқанда цифрлық ізі қалыптастырылады", - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, ең қажетті қызметтер толығымен электронды үкімет пен ірі банктердің  мобильді қосымшаларында қолжетімді болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу