Қатты аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

170

Астанада 22 желтоқсанда жаяу бұрқасын болады.

Қатты аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: baq.kz

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.

Қонаевта түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қарағандыда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Жезқазғанда тұман түседі.

22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 22-24 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанайда жаяу бұрқасын соғады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Қызылордада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу