Аты аңызға айналған Modern Talking тобы Шымкентке ұшып келді

345

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы. 

Аты аңызға айналған Modern Talking тобы Шымкентке ұшып келді Фото: talkaboutpopmusic.com

15 шілдеде Шымкентке аты аңызға айналған Modern Talking тобы ұшып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағындағы кадрлармен бөлісе отырып, мәлімдеді.

"Бүгін таңертең әуежайымызда Томас Андерс пен оның Modern Talking тобын қуана қарсы алдық! Олар бүгін кешке Шымкентке үлкен концерт беруге келді!", - делінген қалалық әуежай хабарламасында. 

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы. Олардың "You’re My Heart, You’re My Soul", "Cheri, Cheri Lady" и "Brother Louie" сияқты хиттері әлем бойынша миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап, поп классикасына айналды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу