Аты-жөнін атамауды сұраған ақтөбелік кәсіпкер төрт отбасыға баспана сыйлады

291

Ол бұл сыйлығын зекет ретінде қабылдауды сұраған. 

Аты-жөнін атамауды сұраған ақтөбелік кәсіпкер төрт отбасыға баспана сыйлады Фото: Әзиз Жанұзақ

Ауқатты азамат бұған дейін де үш жыл қатарынан қадір түнінде дәл осындай қайырымдылық жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облыстық "Нұр Ғасыр" орталық мешітінің бас имамы Серікжан Еншібайұлының айтуынша, кәсіпкердің атынан баспана алатындар шын мұқтаж адамдардың арасынан таңдап алынған.

"Кәсіпкер азамат өзінің атын атамауды өтініп отыр. Ол - ақтөбелік. Өзінің зекеті ретінде төрт отбасыға баспана беретін болды. Әрине, бұл жерде көп адамның ішінен көп балалы, мүгедек,  сондай бір үйге зәру адамдар таңдалып алынды.  

Өздеріңіз білесіздер, "Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін" деген қағида бар исламда. Сауабы кеміп қалмас үшін, жария болып кетпеу үшін осылай жасырын қалуды қалады", - деді бас имам.

Мешітке түскен пітір садақаның барлығы су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін болды. Одан бөлек ондаған тұрғын баспанасы мен дүние-мүліктерінен айрылғандарға мешіт арқылы қайырымдылық жасауды жөн көрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу