"Аты-жөнін білемін": Жәнібек өзін сатып жіберген әйел туралы айтты

754

Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. 

"Аты-жөнін білемін": Жәнібек өзін сатып жіберген әйел туралы айтты Фото: inbusiness.kz

Анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған белгиялық әйелді көрсетіп, одан біраз шындықты білгенін айтты. Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Ол әйелдің аты-жөні де белгілі екен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"...Валери маған бар шындықты айтты.  12 000 доллар және оны кімге бергенін де айтты. Мен Валериден ақша алған әйелдің аты-жөнін білдім, бірақ мен сұхбатта оның есімін әдейі жасырдым. Мен ол әйелдің маған хабарласып, туған анамды табуға көмектескенін күтіп жүрмін", - дейді Жәнібек Савельев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу