Атырау – Астрахан күре жолы жабылды

824

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылды.

Атырау – Астрахан күре жолы жабылды

Көктайғаққа байланысты Атырау – Астрахан күре жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарға қарағанда, Атырауды Ресейдің Астрахан облысымен байланыстыратын жолдың барлығы көліктің барлық түрі үшін  жабылған. Себебі – көктайғақ.

Еске сала кетейік, Қазақстан – Ресей шекарасында жауған жаңбырдан кейін күн күрт суытып, жолға мұз қатқан болатын. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мен Қазақстанның бес облысында жолдар жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу