Атырау – Астрахан тас жолында мақта тиелген жүк көлігі өртенді

1647

12 мың кг теңделген мақта мен тоқыма заттары күлге айналды.

Атырау – Астрахан тас жолында мақта тиелген жүк көлігі өртенді

Атырау – Астрахан тас жолында жүк көлігі өртеніп, 12 мың кг теңделген мақта мен тоқыма заттары жанып кетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Атырау облыстық ТЖ департаменті мәліметіне сүйенсек, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылына жақын маңда DAF маркалы жүк көлігі өртеніп, тиелген 12 250 кг теңделген мақта мен жіп күлге айналған.

Өрттің себебі анықталуда, жарақаттанғандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу