Атырау қаласында 3 жасар бала субұрқаққа құлап, қайтыс болды. Оның аяғын циркулярлы насос қысып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 2021 жылғы баланың аяғы субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа қысылып қалған. Соның салдары 3 жасар бала қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу