Әлеуметтік желілерде Атыраудың орталық көпіріндегі және жолдарындағы кірпіш шұңқырлар бейнеленген фотолар тарап жатыр.
"Қыс мезгілінде асфальт бетіндегі шұңқырларда кірпіштердің пайда болуы жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша көрініс. Ал жөндеу жұмыстары Атырауда күн жылынысымен бірден басталады. Жолды жөндеу жұмыстары наурыз айының үшінші онкүндігіне жоспарланған. Күн жылы болса жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бүгінгі шара жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайтуға бағытталған", - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Орталық көпірде жазда жамау емес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.