13 шілде күні №691/692 бағытындағы Атырау – Ақтөбе жолаушылар пойызында қайғылы оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания мәліметінше, көз жұмған ер адам пойызда билетсіз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны вагонға жолсерік мінгізген.
Жол жүру кезінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап, ол қайтыс болған. Тасымалдаушы компания вагондағы кондиционердің қалыпты режимде жұмыс істегенін хабарлады.
Пойыз Ақтөбе станциясына келгеннен кейін марқұмның мәйіті процессуалдық шараларды жүргізу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
Нәтижесінде екі жолсерік пен пойыз бастығы қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу