Атырау, Ақтөбе және Оралға билет алғандар ақшасын толық қайтара алады

235

Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, оларға айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі берілмек. 

Атырау, Ақтөбе және Оралға билет алғандар ақшасын толық қайтара алады Фото: Уикипедия

Елдегі су тасқынына байланысты Air Astana бірқатар шара қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейс үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады", - делінген хабарланған.

Әуекомпанияның мәліметінше, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, оларға айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі берілмек. 

"Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2 500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты", - деп хабарлайды әуе компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу