"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда бала көз жұмды

968

Баланың неден қайтыс болғаны туралы сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда бала көз жұмды Фото: inbusiness.kz

"Атырау-Астрахань" бағытындағы пойызда лагерьге бара жатқан бала көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 7 тамыз күні болған.

"№ 625 "Атырау-Астрахань" пойызында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бала төрт тәлімгер және балалармен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамағын жеген. Пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін нашар сезіне бастады. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеп, жедел жәрдем қызметі Нарын станциясына шақырылды. Медицина мамандары баланың көз жұмғанын тіркеді", - делінген хабарламада.

Баланың қайтыс болу себебі сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу