Атырау-Астрахань тас жолы ақылы болады

80

Бұл туралы "Қазавтожол" ҰК АҚ мәлім етті.

Атырау-Астрахань тас жолы ақылы болады Фото: inbusiness.kz

Биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысы филиалының директоры Ардақ Қайреденовтің айтуынша,  жеңіл көліктер үшін жол тегін болып қала береді. Бұл бастама жолдардың сапасын сақтап, оларды тұрақты күтіп-ұстау үшін енгізіліп отыр.

Айта кетейік, жақында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ақылы жолдардан 100 млрд теңге түсуі мүмкін айтты.

Ал былтыр ақылы жолдардан 90 млрд теңгеге тарта қаражат жиналғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу