Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден (Астана уақыты бойынша 16:00) ауа райының қолайсыздығына байланысты "Атырау-Астрахань" тас жолы көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды.
"Қозғалыс режиміндегі өзгерістер туралы қосымша хабарланатын болады. Өңірде жауған қалың қарға байланысты барлық жол қозғалысы қатысушыларына күрделі ауа райы жағдайында жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз", - делінген облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу