Атырау-Астрахань тасжолындағы апаттан 3 адам көз жұмды

335

Тағы 4 адам дене жарақатын алған.  

Атырау-Астрахань тасжолындағы апаттан 3 адам көз жұмды Фото: turkystan.kz

Атырау-Астрахань тасжолында жеңіл көлік аударылып, салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 тамыз күні сағат 05:30 шамасында Атырау-Астрахань тасжолының 721 шақырым тұсында болған.

"Toyota Ipsum маркалы автокөлік көлікті басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылып қалған. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері азаматтарды алыс сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жарамдылығын тексеруге шақырады. Сондай-ақ, жолда қырағылық танытуға, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланбауға, белгіленген жылдамдық режимін сақтау қажеттігі туралы да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу