Атырау-Астрахань жолы көктемнен бастап жөнделеді

1175

Атырау-Астрахань жолы көктемнен бастап жөнделеді

Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жалғасады, деп хабарлайды kazembassy.ru.

"Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе автомобиль жолдары қайта жөнделеді. Бұл – алдағы көктемге жоспарланған жұмыстар. Қала және қала маңындағы кенттердің 207 көшесінің жолын жаңалау бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды", – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағы бөлім басшысы Әсет Оразғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу