Атырау әуежайына 1,7 млн теңге айыппұл салынды

571

Әуежай жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Атырау әуежайына 1,7 млн теңге айыппұл салынды Фото: Авиатека

Атырау халықаралық әуежайына 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізілді. 

"Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін бұзушылықтар, атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау фактісі анықталды", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, анықталған ескертулерді жоюға 1 ай берілген.

"Алайда анықталған ескертулер мерзімінде жойылмағандықтан, "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және ҚР қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу