Атырау автовокзалы көшпейтін болды

2092

Халық қала сыртына қатынауға  қарсы шықты.  

Атырау автовокзалы көшпейтін болды

Атырау автовокзалы орнында қалатын болды. Оның ғимараты "Қазақстан темір жолына" берілмейді және қала сыртына көшірілмейді, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атыраудағы автовокзалды теміржол вокзалына қосылу мәселесі қарастырылғаны жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. 

"Келісім-шарт бойынша міндеткерліктер орындалады, автовокзал "Лаватранс" ЖШС-мен арадағы келісім-шартқа сәйкес бес жыл оның сенімді басқаруында болады", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, "ҚТЖ" тарапынан жария етілген бұл жоспар көпшіліктің көңілінен шықпаған. Тұрғындар автовокзалды қала сыртындағы "Аламан" базарының жанына көшіруге қарсы шықты. Мәселеге жергілікті кәсіпкерлер палатасы араласып, ҚР Мәжіліс депутаты Назиля Раззақ оған байланысты депутаттық сауал жолдаған.

"Қазіргі күні көңіліміз тынышталып, жұмысымыз қалыпқа келді. Қайтадан жаңа бағыттарды іске қосумен шұғылдана бастадық. Автовокзалды көшіруге қарсы 3143 қол жинадық, бірақ, қосылатындар қарасы шын сәнінде одан да көп көрінді", - дейді "Лаватранс" ЖШС директоры Вадим Синкевич.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу