Атыраудағы мемлекеттік балабақшаның бірінде тәрбиеші баланың бетінен ұрған. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 8 қарашада болған. Тәрбиешінің теріс әрекеті топтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір балабақша тәрбиешісі қызметінен шеттетілген.
"Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуге байланысты қажетті сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларға зерделеу жүргізіліп жатыр", деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу