Атырау балық аулауға арналған лимитті игере алмай отыр

1596

Атырау балық аулауға арналған лимитті игере алмай отыр

Атырауда балық аулауға арналған лимит толық игерілмей тұр, деп хабарлайды atr.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі таңда облыста балық шаруашылығымен шұғылданатын 19 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістіктерінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік шығыс бөлігінде су маржандарын аулап, өңдеумен айналысады.
Мәселен, 2016  жылы бөлінген 18384 тонна балықтың 12991 тоннасы немесе 71 пайызы ауланған. Сондай-ақ, осы кезеңде "Атырау" және "Жайық-Атырау" бекіре балығын өсіру зауыттарында 7 млн дана бекіре тұқымдас балық шабағы өсіріліп, су айдынына жіберілген.
Ал, биылғы қазан айына дейін облыс бойынша 4945,1 тонна балық ауланып, бекітілген лимит (12052,5 тонна) 41 пайызға игерілген. Соның ішінде  Каспий теңізінен – 1991, Жайық өзенінен – 1195,5 және Қиғаштан  1758,5 тонна балықтың аулануы қамтамасыз етілген. Ал, 9 айда өңделген балық өнімдерінің көлемі 8039 тоннаны құраған.
Жыл сайын бөлінетін лимит игерілмеу себебін мамандар лимиттің көлемін белгілеп, бекіту процесінің өзіне көп уақыт кетуімен түсіндіреді. Екіншіден, өздерінің еншісіне бұйырғанын толықтай аулауға шағын кәсіпорындардың бәрінің бірдей шамасы жете бермейді екен. Яғни, мезгілімен тартымға шығып, күнделікті берілген тапсырманы орындауға мүмкіндігі жоқ. Бұған ау құралдарының, басқа да қажеттіліктің тапшылығы себеп болып отыр. Оның үстіне, олардың дені  жылына екі мәрте өткізілетін  жауапты маусымға  сақадай сайланып, дайындалып  келмейді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу