Атырау базарында кәсіпкерді ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

405

Айыпталушы Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау базарында кәсіпкерді ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты Фото: adyrna.kz

Бүгін, 19 желтоқсанда Атырау қалалық №2 соты "Дина" базары алдында кісі қолынан қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімді судья Зауре Казакбай үкімді шығарды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру) айыпталған Мұхтар Ахмедов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Ағымдағы жылдың жазында қаладағы базарлардың бірінің аумағында жәбірленуші өз жүк көлігін басқара отырып, абайсызда жанында тұрған жеңіл автокөлікті зақымдаған. Сотталушы, жеңіл автокөліктің иесі, бұл жағдайға ашуланып, жәбірленушіге шабуыл жасап, әдейі бірнеше рет басына жұдырықпен соққы жасаған. Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу