Атырау бизнесмендері Антикорға проблемаларын жеткізді

739

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың шағымын тыңдады. 

Атырау бизнесмендері Антикорға проблемаларын жеткізді

"Полифасад" ЖШС директоры Асхат Бағыт құрылыс басқармасы тарапынан өндірушілерді қолдаудың жоқтығына шағымданды. Ол өзі шығарып отырған өнімнің сапа жөніндегі барлық талапқа сай болғанына қарамастан, бірнеше жылдан бері мемлекеттік тапсырысты ала алмай отырғанын айтады.

Директор Атырауского филиала РОЮЛ "Қазақстан құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Эльдар Муханбетжанов монополистердің жоғары тарифымен келіспейді.

"Барлық дерлік құрылыс материалдары облысымызға басқа жақтан әкелінеді. Мысалы, щебень мен ПГС Ақтөбеден жеткізілгенде бастапқы бағасын бірнеше есе көтеріп сатады. Себеп – теміржол тасымалының қымбаттығы. Ал халыққа бұдан да қымбат бағамен сатылады. Бағаның қалай қойылатыны бізге белгісіз. Тағы бір сұрақ – монополистердің инженерлік желілерді төсегенде қоятын тарифі. Бір факт, "Атырау Жарық" мердігер компаниядан ара қашықтығы 200 метрден аспаса да электр желісін жүргізу үшін 18 млн тенге сұраған. Біз есептеп көрдік, ол жерде шығын 2.5 млн теңгеден аспайды. Ал бұл жерде компания үйді бюджет қаржысына салған болатын. Ақырында, төрт айға созылды бұл мәселе. Осы уақыт бойы олар жұмыстары үшін генератор қолдануға мәжбүр болды. Біз жер-жерге хат жаздық. Мәселе содан кейін екі күнде шешілді. Бұл тек бір белгілі жағдай, біз білмейтіні қаншама", – дейді Мұханбетжанов.

Антикор өкілдері бұл мәселелерді өз бақылауына алатынына уәде берді.

Айнұр Сапарова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу