"Атырау – Доссор – Бейнеу" тас жолы төрт жолақты болады

1007

Бұл бағыттағы жол алдымен жүк көліктері үшін, кейін басқа машиналар үшін ақылы болады.

"Атырау – Доссор – Бейнеу" тас жолы төрт жолақты болады

QazAvtoJol ҰК АҚ Атырау облысы арқылы өтетін тас жолды кеңейтуге уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындар жол тар болғандықтан мұнда апат жиі болатынын айтып шағымданды. Мамандар келешекте аталмыш жол төрт жолақты болатынын хабарлады.

Олардың сөзінше, жөндеу жүргізілген Өзбекстан шекарасына дейінгі бағыттағы жол ақылы режимге өтеді. Төлем сомасы әлі де талқыланып жатыр.

Еске сала кетейік, биыл көктемде Қазақстанда 18 республикалық жол бөлігі ақылы режимге көшеді. Жүргізушілер RFID-таңбалар арқылы төлем жасайды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу