Атырау экология департаменті сотқа 22 шағым жолдаған

1454

Биылғы бес айдың есебі берілді.

Атырау экология департаменті сотқа 22 шағым жолдаған

Атырау облыстық экология департаменті өңірдегі төрт ірі компания – "Karabatan Utility Solutions", "Сазанқұрақ", "Ембімұнайгаз" және "Теңізшевройл" ЖШС-ларына қатысты тексеру жұмыстарын аяқтады. Ал "Манаш Петролеум" мекемесіне қатысты шағым бойынша іс ол банкрот деп танылғандықтан тоқтатылған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Жыл басынан бері 35 шаруашылық нысанын тексерген облыстық экология департаменті олардан қырықтан астам қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңның бұзылуын анықтап, 19 ұйғарым беріп кеткен. Бұдан бөлек, 2 503 383 теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынып, олар қазіргі таңда толықтай төленіпті. 

"2021 жылдың алғашқы бес айында қоршаған ортаға келтірген зиян үшін 16 231 770 теңге өндіру жөнінде 6 ұйғарым бердік. Оның ішінен 3 498 958 теңгені өндірдік, ал 12 732 812 теңге айыппұлға қатысты бір іс сотта қаралуда", – дейді Атырау облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тілегенов.

Сондай-ақ, ірі төрт өндіріс мекемесіне жүргізілген тексеру аяқталған. Олардың ішінде "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-ның экологияға келтірген зияны 119 755 теңгеге есептеліп, 145 850 теңге айыппұл салынған. "Сазанқұрақтың" зияны 156 782 теңге деп есептеліпті. "Теңізшевройл" ЖШС-ға екі бірдей айыппұл салынған, оның біреуі 1 020 950 теңге және 47 105 теңге құрайды. "Ембімұнайгаз" АҚ-нғ жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі құқық қорғау органына жолданған. 
2021 году облыстық экология департаменті сот орындарына 22 шағым жолдаған, оның 14-і мекемелердің әрекетіне тиым салуға байланысты. Көрсетілген мекемелердің қатарында, Атырау мұнай өңдеу зауыты, "Мәтен Петролеум" сияқты мұнай компанияларымен қатар, Атырау облысы су арнасы, Атырау жылу электр орталығы монополист мекемелері мен Мақат аудандық тұрғын үй бөлімі, Махамбет ауданы әкімінің аппараты да бар. Тағы 8 шағым қоршаған ортаны бұлдіру шығынын өтеуге байланысты берілген. Әрі қарай талдасақ, сот үш шағымды қанағаттандырып, бір шағымды заң бұзушылықтың жойылуы себепті қараусыз қалдырған; 5 шағым бойынша өндіріс тоқтатылып, 3-уі сотта қаралып жатыр. Бұлардың ішінде, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның қалдық суды Жайық өзеніне құятыны жөніндегі шағымды да қанағаттандырудан бас тартқан. Оған аталған деректің толық тексерілмегені себеп болған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу