Атырау емханасынан ұрланған ақшаның төлемақыға қатысы жоқ

625

Ондағы дәрігерлерге тиесілі ақша біртіндеп төленуде.  

Атырау емханасынан ұрланған ақшаның төлемақыға қатысы жоқ

Атыраудағы №1 қалалық емхананың бірнеше дәрігерінің короновирус инфекциясына қатысты бөлінген үстемақысын ала алмай жүргенін, сонымен қатар емхананың есепшотынан электронды түрде 70 млн теңге ұрланып кеткені жайлы жазылған болатын.

 "Емханадан ұрланған 70 млн теңгенің үстемеақы мен өтемақыға еш қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді мәселеге түсінік берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

Ол тамыз айында емхана әкімшілігі жергілікті басқармаға коронавируспен күресте қызмет еткен 33 дәрігердің құжаты жіберілгенін, оның 13-іне ғана үстемеақы төленетіні белгілі болғанын да мәлімдеді. Бастапқыда 10 медицина қызметкерінің құжаты қабылданған, 129-бұйрыққа өзгеріс енгізілуіне байланысты тағы үш қызметкерге үстемеақы төленетін болыпты.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу