Атырау емханасында дене қызуын робот өлшейді

766

"Ақылды" техника пилоттық жоба ретінде орнатылған.

Атырау емханасында дене қызуын робот өлшейді

Бұдан былай Атырау қаласындағы №4 емханаға келушілердің дене қызуын медицина қызметкері емес, робот өлшейтін болады. Сондай-ақ ол бетперде кимеген адамға ескерту де жасайды. Айта кетейік, бұл жаңалық пилоттық жоба ретінде Атырау облысында алғаш рет енгізіліп отыр екен. 

Бұрындары әлемдік тәжірибеде сыналған робот құрылғының тиімді тұстары көп. Медицина қызметкері уақытын үнемдейді әрі науқастармен байланыс жасаған кезде арақашықтықты сақтайды. "Емхана қызметкері енді робот көрсеткен мониторды ғана бақылап отырады. Өйткені ол ғимаратқа дене қызуымен келген науқасты бірден анықтайды. Монитор бетіне сол кісінің суретін көрсетіп,  қызыл түспен ерекшелейді. Ал бетпердесіз немесе дұрыс тақпаған күйі ішке енсе, оның суретін сары түске бояп, дабыл қағады. Дауыстап ескерту жасайды", – дейді Атырау қалалық №4 емханасының бас дәрігері Меруерт Өтеғалиева.

"СИК вижн" мен "Билайн" компаниясы бірлесіп жасаған дене қызуын өлшейтін робот құрылғыны алдағы уақытта облыстың өзге де емдеу мекемелеріне де орнату  жоспарланған. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу