"Атырау" футбол клубына бөлінген 160 млн теңгенің қайда жаратылғаны белгісіз

911

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы қызметкерлерінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Атырау" футбол клубына бөлінген 160 млн теңгенің қайда жаратылғаны белгісіз

"Атырау" футбол клубына бөлінген миллиондаған қаражаттың жымқырылғаны анықталды. Бұл тұралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Айдос Мамыт айтты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазірде мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланды деген айыппен облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы қызметкерлерінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, облыстық футбол клубына деп бюджеттен қарастырылған 160 млн теңге жоғалып кеткен. Ол қаражатқа футболшылар чемпионат пен Қазақстан кубогіне қатысу керек болатын.

Естеріңізде болса, былтыр "Атырау" командасы Қазақстан кубогінде финалға дейін жетіп, тек "Қайсар" командасынан ұтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу