Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады

205

Бұған дейін сол жерге су өткізетін 6 құбыр салынған болатын.

Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады Фото: Әзілхан Уахитов

Атырау-Индер трассасы су өткізетін 6 құбыр салу үшін тағы уақытша жабылады. Трассадағы құбыр салу жұмысына 30 адам мен 50 техника тартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы ақпарат таратты.

"Бұған дейін Атырау-Индер трассасына су өткізетін 6 құбыр салынған болатын. Алайда, өр суының көтерілу деңгейінің басылмауына байланысты аталған трасса бойына тағы да осындай 6 құбыр салу қажеттігі туындады. Сол себептен, бүгін, 22 мамырда кешкі сағат 21:00-де "Атырау-Индер" трассасы уақытша жабылады. Құбыр орнату жұмысы шамамен 24-30 сағатқа созылады", -деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Трассадағы құбыр салу жұмысына 30 адам мен 50 техника тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу