Атырау қалалық әкімдігі қалаішілік қатынасты жандандыру үшін жаңадан 100 үлкен автобус сатып алады. Себебі облыс орталығында қоғамдық көліктердің жағдайы сын көтермейді, деп хабарлайды 24.кz.
Бүгінде қаладағы 35 маршрутты қамтамасыз ету үшін 400 автобус қажет. Сондай-ақ адам тасуға арналмаған шағын "Газельдер" мен көне автобустар қаланың онсыз да қапырық ауасын көк түтінге тұншықтыруда. Енді олар біртіндеп қолданыстан шығарылатын болады.
Жергілікті билік Семей автозауытымен 100 жаңа автобус алуға келісім жасады.
"Атырау қаласына осы жылдың аяғына дейін 100 жаңа Қазақстанда шығарылған автобустарды әкелу жоспарланып отыр. Бұл ақша қаржы институттары арқылы бөлініп, жолаушы тасымалдаушыларға автобустар беріледі және қаражат солар арқылы қайтарылатын болады", - дейді қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.